Жоба туралы
Компания

Жоба туралы

«Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС

«Исатай Оперейтинг Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Бозашы түбегінің солтүстік жағалауынан 45 км қашықтықта орналасқан Исатай блогында теңіздік мұнай операцияларын жүргізу кезінде Оператор қызметін орындау мақсатында Көмірсутек шикізаттарын бірлескен барлау мен өндіру келісімшартына сәйкес 2015 жылғы 25 маусымда (тіркеу нөмірі №4160-УВС-МЭ) құрылған. Исатай теліміндегі судың тереңдігі екі метрден жеті метрге дейін барады.

«Исатай» телімінің жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушілер:

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ - 50% ; «Eni Isatay B.V.» - 50%;

Келісімшарттық аумақтағы іздестіру жұмыстарының негізгі түрлері:

  • Далалық сейсмикалық жұмыстарды жүргізу және деректерді түсіндіру;
  • Көмірсутекті шикізат кен орнын табу мақсатында барлау ұңғымаларын бұрғылау.

Келісімшарттық аумақта жоспарланған мұнай операцияларын жүргізу теңіз экожүйесіне тигізетін әсерді барынша азайтуға кепілдік беретін «нөлдік төгінді» қағидасын ұстана отырып, Қазақстан Республикасының қоршаған орта саласындағы заңнамаларына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады. Барлық өндірістік және тұрмыстық қалдықтар жағаға тасымалданып, жойылатын болады. Сонымен қатар жұмыс барысында қоршаған орта күйінің экологиялық мониторингі жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Достық к. 18, Мәскеу БО, 10-қабат