Жалпы ақпарат
Қазақстан-Италия ынтымақтастығы аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және ENI компаниясымен Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутектерді барлау бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде.
Екі елдің бірлескен жұмысының нәтижесінде бірқатар келісімдерге қол қойылды, соған сәйкес итальяндық компаниялар геологиялық барлау жұмыстарын жүргізе отырып, теңіз жобаларын іске асыруға белсенді қатысуда.
Компания туралы
«Исатай Оперейтинг Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - Серіктестік) «Исатай» учаскесінде көмірсутектерді бірлесіп барлау мен өндіруге арналған 2015 жылғы 26 маусымдағы №4160-УВС-МЭ келісімшарты бойынша жер қойнауын пайдаланушылар атынан Оператор ретінде мұнай операцияларын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 27 желтоқсанда «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-1 заңына сәйкес құрылды.
Бұдан кейін 2019 жылғы шілдеде «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС Абай учаскесінде көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған 2019 жылғы 26 шілдедегі №4752-УВС-МЭ келісімшарты бойынша Оператор болып тағайындалды.
Екі келісімшарт Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ және «Эни Исатай Б.В.» арасында жасалды (бұдан әрі мәтін бойынша Келісімшарттар).
2023 жылғы наурызда Исатай блогы келісімшарттың қолданылу мерзімі (2023 жылғы 25 маусым) аяқталғанға дейін қайтарылды.
Серіктестікке қатысу үлесі:
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ - 50%;
«Эни Исатай Б.В.» - 50%.
Серіктестік қызметінің негізгі түрлері:
мұнай операцияларын жүргізу, соның ішінде іздестіру - бағалау жұмыстары, геофизикалық жұмыстар, бұрғылау, мұнай-газ кен орындарын игеру, Қазақстан Республикасының аумағында да, шетелде де көмірсутек шикізатын және мұнай-газ өңдеу мен мұнай химиясының басқа да өнімдерін өндіру, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, сондай-ақ бөлу, импорттау және экспорттау, қажетті объектілер мен құрылыстарды салу, техникалық қызмет көрсету, пайдаланудан шығару және жою;
жер қойнауын пайдаланушылардың Келісімшарттар бойынша міндеттерін орындауға байланысты қызметтерін, соның ішінде ішкі саясат пен рәсімдердің сақталуын ескере отырып, қазақстандық кадрларды оқыту және даярлау, жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік немесе инфрақұрылымдық жобаларға және басқаларға қатысты міндеттерін орындау.
«Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС операциялық қызметі
«Абай» жобасы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (Құзыретті орган), «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және «Эни Исатай Б.В.» арасындағы Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан «Абай» учаскесінде көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған 2019 жылғы 26 шілдедегі №4752-УВС-МЭ келісімшартына (бұдан әрі - Келісімшарт) және 2019 жылғы 11 наурыздағы Бірлескен қызмет туралы тиісті келісімге сәйкес іске асырылады.
Келісімшарт келесі кезеңдерден тұратын 31 жыл мерзіміне жасалды:
(1) барлау кезеңі 6 жыл (бағалау және сынамалық пайдалану мақсатында 9 жылға ұзарту мүмкіндігімен);
(2) өндіру кезеңі 25 жыл, соның ішінде Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI ҚРЗ кодексінің 119-бабының талаптары сақталған жағдайда дайындық кезеңі 3 жылға дейін.
Жер қойнауын пайдаланушылар:
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 50%,
Эни Исатай Б.В. 50%
Оператор - «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС
Жалпы мәліметтер:
Орналасқан жері: Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік-шығыс бөлігі
Келісімшарттық аумақтың ауданы - 1233,87 шаршы км.
Судың тереңдігі: 6 - 9 м.
Логистикалық базаға дейінгі қашықтық (Баутино): 160 км.
«Абай» учаскесінің тұзүсті кешені шегіндегі негізгі зерттеу мақсаттары бор және юра терригенді шөгінділері болып табылады.
Жүргізілген жұмыстар:
Жоспарланған жұмыстар: