Компания
Компания

Компания

 Официальный сайт ТОО «Исатай Оперейтинг Компани»

Жалпы ақпарат

Қазақстан-Италия ынтымақтастығы аясында ҚР ЭМ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және ENI компаниясымен мұнай-газ секторын дамыту және Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде.

Екі елдің бірлескен жұмысының нәтижесінде бірқатар келісімдерге қол қойылды, соған сәйкес итальяндық компаниялар геологиялық барлау жұмыстарын жүргізе отырып, «Исатай» және «Абай» теңіз жобаларын іске асыруға белсенді қатысуда.

Компания туралы

«Исатай Оперейтинг Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - Серіктестік) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және «Эни Исатай Б.В.» арасындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан «Исатай» учаскесінде көмірсутек шикізатын бірлесіп барлау мен өндіруге арналған 2015 жылғы 26 маусымдағы №4160-УВС-МЭ келісімшарты бойынша және «Абай» учаскесінде көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған 2019 жылғы 26 шілдедегі №4752-УВС-МЭ келісімшарты бойынша (бұдан әрі мәтін бойынша - Келісімшарттар) жер қойнауын пайдаланушылар атынан оператор ретінде мұнай операцияларын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 27 желтоқсанда «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-1 заңына сәйкес құрылды

Серіктестікке қатысу үлесі:

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ - 50%;

«Эни Исатай Б.В.» - 50%.

Серіктестік қызметінің негізгі түрлері:

  • мұнай операцияларын жүргізу, соның ішінде іздестіру - бағалау жұмыстары, геофизикалық жұмыстар, бұрғылау, мұнай-газ кен орындарын игеру, Қазақстан Республикасының аумағында да, шетелде де көмірсутек шикізатын және мұнай-газ өңдеу мен мұнай химиясының басқа да өнімдерін өндіру, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, сондай-ақ бөлу, импорттау және экспорттау, қажетті объектілер мен құрылыстарды салу, техникалық қызмет көрсету, пайдаланудан шығару және жою;

  • жер қойнауын пайдаланушылардың Келісімшарттар бойынша міндеттерін орындауға байланысты қызметтерін, соның ішінде ішкі саясат пен рәсімдердің сақталуын ескере отырып, қазақстандық кадрларды оқыту және даярлау, жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік немесе инфрақұрылымдық жобаларға және басқаларға қатысты міндеттерін орындау.

«Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС операциялық қызметі

«Исатай» жобасы Қазақстан Республикасының атынан құзыретті орган ретінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен бұдан әрі  жер қойнауын пайдаланушы деп аталатын   «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арасындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан «Исатай» учаскесінде көмірсутек шикізатын бірлесіп барлау мен өндіруге арналған 2015 жылғы 26 маусымдағы №4160-УВС-МЭ келісімшартқа (бұдан әрі - Келісімшарт) және 2017 жылғы 21 желтоқсандағы Бірлескен қызмет туралы келісімге сәйкес іске асырылады.

Келісімшарт барлау жүргізу үшін қажетті мерзімге, ал көмірсутек шикізаты анықталған жағдайда – жобалау құжаттарына сәйкес бағалау мен өндіруді жүзеге асыру үшін қажетті мерзімге жасалды.

Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде барлау операцияларын жүргізу үшін келісімшарттың қолданылу мерзімі 6 жылды құрады және құзыретті органмен екі жылға ұзартылды.

Жер қойнауын пайдаланушылар:

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 50%, Эни Исатай Б.В. 50%

Оператор - «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС

Операциялық қызметті басқару органы:

«Исатай» жобасы бойынша операциялық комитет

Жалпы мәліметтер:

Орналасқан жері: Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік-шығыс бөлігі

Келісімшарттық аумақтың ауданы - 1 348 шаршы км.

Судың тереңдігі: 2,7 – 6,3 м.

Логистикалық базаға дейінгі қашықтық (Баутино): 180 км.

«Исатай» учаскесінің тұзүсті кешені шегіндегі негізгі зерттеу объектілері бор, юра және триас терригенді шөгінділері болып табылады

Жүргізілген жұмыстар:

  • Фондық экологиялық зерттеулер жүргізілді
  • 2Д сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу үшін техникалық жоба мен ҚОӘБ әзірленді және келісілді.
  • 240, 125 қума км көлемінде 2Д сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілді
  • Сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде экологиялық мониторинг жүргізілді
  • 760 қума км көлемінде геологиялық-геофизикалық деректерді өңдеу, қайта өңдеу және кешенді түсіндіру жөніндегі жұмыстар жүргізілді (1994-1995 жылдардағы деректерді қоса алғанда).
  • Сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде балық ресурстарына зиянды өтеу шеңберінде Жайық өзеніне бекіре тұқымдастарының шабақтарын шығару бойынша іс-шаралар жүргізілді
  • ИГЗ жүргізу үшін техникалық жоба мен ҚОӘБ әзірленді және келісілді.
  • Қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалаумен БЖЖ №1 толықтыруы әзірленді және келісілді
  • Экологиялық бақылау бағдарламасы әзірленді, «Исатай» учаскесінде әсер етудің өндірістік экологиялық мониторингі жүргізілді (күз). Жарылмаған снарядтар мен жарылу қаупі бар заттардың бар болуына зерттеу жүргізілді.

«Абай» жобасы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (Құзыретті орган), «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және «Эни Исатай Б.В.» арасындағы Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан «Абай» учаскесінде көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған 2019 жылғы 26 шілдедегі №4752-УВС-МЭ келісімшартына (бұдан әрі - Келісімшарт) және 2019 жылғы 11 наурыздағы Бірлескен қызмет туралы келісімге сәйкес іске асырылады.

Келісімшарт келесі кезеңдерден тұратын 31 жыл мерзіміне жасалды:

(1) барлау кезеңі 6 жыл (бағалау және сынамалық пайдалану мақсатында 9 жылға ұзарту мүмкіндігімен);

(2) өндіру кезеңі 25 жыл, соның ішінде Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI ҚРЗ кодексінің 119-бабының талаптары сақталған жағдайда дайындық кезеңі 3 жылға дейін.

Жер қойнауын пайдаланушылар:

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 50%, Эни Исатай Б.В. 50%

Оператор - «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС

Операциялық қызметті басқару органы:

«Абай» жобасы бойынша операциялық комитет

Жалпы мәліметтер:

Орналасқан жері: Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік-шығыс бөлігі

Келісімшарттық аумақтың ауданы - 1233,87 шаршы км.

Судың тереңдігі: 6 - 9 м.

Логистикалық базаға дейінгі қашықтық (Баутино): 160 км.

«Абай» учаскесінің тұзүсті кешені шегіндегі негізгі зерттеу объектілері бор, юра және триас терригенді шөгінділері болып табылады.

Жүргізілген жұмыстар:

  • Климаттық маусымдар бойынша экологиялық мониторинг орындалды
  • «Абай» учаскесінде барлау жұмыстарының жобасы бекітілді
  • Іздеу ұңғымасын бұрғылау орнында ИГЗ жүргізуге ҚОӘБ бірге Техникалық жоба бекітілді
  • ҚОӘБ бірге іздеу ұңғымасын салуға арналған Техникалық жоба бекітілді
  • ИГЗ іздеу ұңғымасын бұрғылау орнында жүргізілді
  • ИГЗ жүргізу кезінде экологиялық мониторинг жүргізілді. 
  • ИГЗ жүргізу кезінде балық ресурстарына зиянды өтеу шеңберінде Жайық өзеніне бекіре тұқымдастарының шабақтарын шығару бойынша іс-шаралар жүргізілді
  • Ұзақ дайындалатын материалдарды сатып алу жүзеге асырылды
  • Геологиялық деректерге геомеханикалық зерттеулер жүргізілді
  • Бұрғылау қондырғысына инспекция жүргізілді
  • Бұрқаққа қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жоспар әзірленді
  • Қосымша бұрғылау білдегін пайдалана отырып, апатты жағдайлар кезінде ұңғыманы бастыруға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында «Ұңғыманы бастыру жоспары және шығарынды жылдамдығын модельдеу» әзірленді
  • Экологиялық бақылау бағдарламасы әзірленді, «Абай» учаскесінде әсер етудің өндірістік экологиялық мониторингі жүргізілді (жаз, күз).

Жоспарланған жұмыстар:

  • Бұрғылауға дайындықпен байланысты жұмыстарды жүргізу


Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Достық к. 18, Мәскеу БО, 10-қабат