Есептер мен Жарияланымдар

Есептер мен Жарияланымдар

«Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС футбол командасы мұнай-газ секторының командалары арасында өткен шағын футболдан «Elorda Cup 2022» қайырымдылық турниріне қатысты

2022 жылдың 4 маусымында «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС футбол командасы «Shell Kazakhstan» компаниясының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласындағы

«Астана Арена» стадионында мұнай-газ секторының командалары арасында өткен шағын футболдан «Elorda Cup 2022» қайырымдылық турниріне қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС командасына ұйымдастырушылар атынан «Адал ойын» номинациясы бойынша арнайы кубок берілді.

Турнирдің жеңімпазы NCOC N.V командасы атанды.

Әріптестерімізді құттықтаймыз және сәтті ойын тілейміз!

Футбольная команда

«Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС Бас геологы Айтуаров Айбек Толықбайұлы төсбелгімен марапатталып, «Қазақстанның құрметті геологы» атағына ие болды.

2022 жылғы 1 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің қатысуымен Геолог күніне арналған марапаттар табыс етілді.

«Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС Бас геологы Айтуаров Айбек Толықбайұлы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевпен төсбелгімен марапатталып, «Қазақстанның құрметті геологы» атағына ие болды.

«Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС ұжымы Сізді жоғары атақтың берілуімен құттықтайды және Сізге жаңа кәсіби жетістіктер тілейді.


«Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС Жайық өзеніне бекіре тұқымдастарының құртшабағын жіберді

Каспий теңізі мен жағалау маңындағы аймақтың биологиялық алуантүрлілігі арқасында, осы аймақ әлемнің ең құнды экожүйелерінің бірі болып табылады. Каспий 147 балық түрінің, 450 фитоплактон түрі мен форманың, 87 балдыр түрінің және 315 зоопланктон түрінің мекендеу ортасы.

ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ САУАЛДАМАЛАР

Абай блогындағы көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ Абай құрылымында бірінші барлау ұңғымасын салуға дайындық жұмыстары аясында 2020 жылы Абай-1 іздеу ұңғымасы орналасқан жерде инженерлік-геологиялық зерттеулер бойынша дала жұмыстары жүргізілді.

«Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС SPE симпозиумына қатысты

2019 жылдың 25 қыркүйегінде Нұр-сұлтан қаласындағы Конгресс-орталығында "Исатай Оперейтинг Компани" ЖШС KAZAKHSTAN ENERGY WEEK аясында кешіккен Каспий өңіріндегі еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік жауапкершілік симпозиумына қатысты.

Айбек Толықбайұлы «Жер қойнауын барлау үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Қазақстанда сәуірдің бірінші жексенбісінде атап өтілетін Геолог күні кәсіби мерекесі қарсаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің өкілі – Сараптама және жер қойнауы қоры басқармасының басшысы Фархат Хакымжанұлы Абытов «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС бас геологы Айбек Айтуаровқа салтанатты түрде марапатты табыс етті.


Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Достық к. 18, Мәскеу БО, 10-қабат