Операциялық қызметі
Компания

Операциялық қызметі


«Абай» жобасы

«Абай» жобасы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (Құзыретті орган), «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және «Эни Исатай Б.В.» арасындағы Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан «Абай» учаскесінде көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған 2019 жылғы 26 шілдедегі №4752-УВС-МЭ келісімшартына (бұдан әрі - Келісімшарт) және 2019 жылғы 11 наурыздағы Бірлескен қызмет туралы тиісті келісімге сәйкес іске асырылады.

Келісімшарт келесі кезеңдерден тұратын 31 жыл мерзіміне жасалды:

(1) барлау кезеңі 6 жыл (бағалау және сынамалық пайдалану мақсатында 9 жылға ұзарту мүмкіндігімен);

(2) өндіру кезеңі 25 жыл, соның ішінде Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI ҚРЗ кодексінің 119-бабының талаптары сақталған жағдайда дайындық кезеңі 3 жылға дейін.

Жер қойнауын пайдаланушылар:

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 50%,
Эни Исатай Б.В. 50%

Оператор - «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС

Жалпы мәліметтер:

Орналасқан жері: Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік-шығыс бөлігі

Келісімшарттық аумақтың ауданы - 1233,87 шаршы км.

Судың тереңдігі: 6 - 9 м.

Логистикалық базаға дейінгі қашықтық (Баутино): 160 км.

«Абай» учаскесінің тұзүсті кешені шегіндегі негізгі зерттеу мақсаттары бор және юра терригенді шөгінділері болып табылады.

Жүргізілген жұмыстар:

  • Климаттық маусымдар бойынша экологиялық мониторинг орындалды
  • «Абай» учаскесінде барлау жұмыстарының жобасы бекітілді
  • ҚОӘБ бірге Бұрғылау орнында ИГЗ жүргізуге техникалық жоба бекітілді
  • ҚОӘБ бірге Ұңғыманы салуға арналған техникалық жоба бекітілді
  • 2020 және 2024 жылдары Ұңғыманы бұрғылау орнында ИГЗ жүргізілді
  • ИГЗ жүргізу кезінде экологиялық мониторинг жүргізілді.
  • ИГЗ жүргізу кезінде балық ресурстарына зиянды өтеу шеңберінде Жайық өзеніне бекіре тұқымдастарының шабақтарын шығару бойынша іс-шаралар жүргізілді
  • Ұзақ дайындалатын материалдарды сатып алу жүзеге асырылды
  • Геологиялық деректерге геомеханикалық зерттеулер жүргізілді
  • Бұрғылау қондырғысына инспекция жүргізілді
  • Бұрқаққа қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жоспар әзірленді
  • Қосымша бұрғылау білдегін пайдалана отырып, апатты жағдайлар кезінде ұңғыманы бастыруға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында «Ұңғыманы бастыру жоспары және шығарынды жылдамдығын модельдеу» әзірленді
  • Экологиялық бақылау бағдарламасы әзірленді, «Абай» учаскесінде әсер етудің өндірістік экологиялық мониторингі жүргізілді (жаз, күз).

Жоспарланған жұмыстар:

  • Бұрғылауға дайындық
  • Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу (2024 жылдың 3 тоқсаны)
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Достық к. 18, Мәскеу БО, 10-қабат