Қоршаған ортаны қорғауға қатысты қызметі
Компания

Қоршаған ортаны қорғауға қатысты қызметі

«Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС персонал денсаулығын сақтауға, оның еңбегі мен қоршаған ортаны қорғауға аса көңіл бөледі.

Бұл приоритет жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сай, сонымен қатар денсаулық сақтау, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау бойынша мұнай-газ саласындағы халықаралық стандарттар мен тәжірибелер деңгейіне сай орындауды білдіреді.

«Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС өз қызметін аса сезімтал экологиялық аймақ, яғни Каспий теңізі акваториясында жоспарлай отырып, аса тиімді компанияның негізгі даму факторы — денсаулық сақтау, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін ойдағыдай басқару болып табылатынын жақсы түсінеді.

«Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС міндеттері:

  • Қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы экологияға қатысты заңнама талаптарына сай жүзеге асыру және мұнай компаниялары қызметін реттейтін халықаралық заңнамалар мен келісімдер талаптарын орындау;
  • Балама нұсқаларды қарастыра отырып және экологиялық-экономикалық тұрғыдан тиімді жобаларды таңдай отырып, кез келген жоспарланған шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау;
  • Қоршаған ортаға тиетін әсерді азайту және экологиялық менеджмент жүйесі жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында өз қызметінің экологиялық көрсеткіштерін бақылау;
  • Мақсатты және жоспарланған экологиялық көрсеткіштерді мезгілді түрде белгілей және қайта қарастыра отырып, табиғатты қорғау іс-шараларын үздіксіз жетілдіру процесін қамтамасыз ету;
  • Компанияның барлық жұмыс орындарында жарақатсыз жұмыс істеуге ұмтылу, қоршаған ортаға зиян келтірмеу және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану;
  • Өндірістік операцияларды жұмыстардың техникалық тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша салалық стандарттарға сәйкес орындау.
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Достық к. 18, Мәскеу БО, 10-қабат