«Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС персонал денсаулығын сақтауға, оның еңбегі мен қоршаған ортаны қорғауға аса көңіл бөледі.
Бұл приоритет жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сай, сонымен қатар денсаулық сақтау, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау бойынша мұнай-газ саласындағы халықаралық стандарттар мен тәжірибелер деңгейіне сай орындауды білдіреді.
«Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС өз қызметін аса сезімтал экологиялық аймақ, яғни Каспий теңізі акваториясында жоспарлай отырып, аса тиімді компанияның негізгі даму факторы — денсаулық сақтау, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін ойдағыдай басқару болып табылатынын жақсы түсінеді.
Келісімшарттық аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу теңіз экожүйесіне барынша аз әсер етуге кепілдік беретін «төгуге тыйым салу» қағидатын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады. Барлық өндірістік және тұрмыстық қалдықтар жағаға шығарылып, кәдеге жаратылатын болады. Сондай-ақ жұмыстарды жүргізу кезінде қоршаған ортаның жай-күйіне экологиялық мониторинг жүзеге асырылады.
«Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС міндеттері: