Каспий теңізі мен жағалау маңындағы аймақтың биологиялық алуантүрлілігі арқасында, осы аймақ әлемнің ең құнды экожүйелерінің бірі болып табылады. Каспий 147 балық түрінің, 450 фитоплактон түрі мен форманың, 87 балдыр түрінің және 315 зоопланктон түрінің мекендеу ортасы.
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593-II Заңына сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, соның ішінде болмай қоймайтын зиянды уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалатын мөлшерде шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер өтеудің орнын толтыруға міндетті.
«Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС 2019 жылы Исатай учаскесінде 2Д сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізді, өтеу қағидаларына сәйкес «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС 2020 жылы Жайық өзеніне 100 000 дана мөлшерінде бекіре тұқымдастарының құртшабағын жіберді.
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйым берген ғылыми ұсыным негізінде суқоймаларға балық жіберіледі. Осы мақсатта Жайық өзенінде балықтардың мекен ортасының жағдайы зерттелді (өзеннің гидрологиялық, гидрохимиялық режімі, ихтиологиялық зерттеу және балықтардың қоректік базасы). Жайық өзенінің арнасы бойынша балықтардың түр құрамы мен олардың биологиялық сипаттамасы анықталды.
Сүйрік құртшабағын жіберу үшін өзен учаскесін тексеру мақсатында Жайық өзеніне экспедиция жүргізілді. Өзенді тексеру барысында ауа райы жағдайлары ескерілді: жел бағыты, толқу және мөлдірлік.
Гидрохимия, гидробиология және ихтиологияда көпшілік қабылдаған әдістер бойынша материалдарды жинау және өңдеу жүргізілді.