Қазақстанда сәуірдің бірінші жексенбісінде атап өтілетін Геолог күні кәсіби мерекесі қарсаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің өкілі – Сараптама және жер қойнауы қоры басқармасының басшысы Фархат Хакымжанұлы Абытов «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС бас геологы Айбек Айтуаровқа салтанатты түрде марапатты табыс етті. Жер қойнауын геологиялық зерттеуге қосқан жеке үлесі үшін Айбек Толықбайұлы «Жер қойнауын барлау үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Компанияда ҚР ҚМК және ҚР БӨОК тәуелсіз сарапшысының болуы компания үшін өте жағымды фактор болып табылады, өйткені техникалық құрамның кәсіби деңгейін айтарлықтай күшейтеді, геологиялық-геофизикалық материалды бағалау сапасын жақсартады және құжаттарды келісу процесіне қолайлы әсер етеді, бұл «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС-ға өндірістік міндеттерді жедел және уақтылы шешуге мүмкіндік береді.
«Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС ұжымы Айбек Толықбайұлын лайықты Мемлекеттік наградасымен құттықтайды және жұмысына сәттілік тілейді!
Айбек Толықбайұлы Айтуаров
2018 жылғы наурыздан бастап «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС бас геологы болып жұмыс істейді. Мамандығы – геолог және әзірлеуші.
Қазақстандық («ҚазақстанКаспийШельф» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазРосГаз» ЖШС), сондай-ақ шетелдік (ЕНИ, Шелл) компанияларда үлкен жұмыс тәжірибесі бар.
Қызметі:
- ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті жанындағы Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның тәуелсіз мемлекеттік сарапшысы;
- ҚР Энергетика министрлігі Барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссиясының тәуелсіз мемлекеттік сарапшысы.
Сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласында, трансшекаралық көмірсутек кен орындарын барлау кезінде әртүрлі елдердің заңнамаларын бірге қолдану, ҚР-да SPE-PRMS халықаралық стандарттарын енгізу, барлау жұмыстарының жобаларын және т.б. әзірлеу, тұзүсті және тұзасты карбонатты кен орындарында (Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз және т.б.) өндіру кезіндегі геологиялық ерекшеліктер мен проблемаларды талдау және айқындау саласында ауқымды жұмыс тәжірибесі бар.